Қазақстандық спортшы Азия чемпионатынан алтын медаль алды – жеңіл атлетика

16 жастағы отандасымыз Арина Гладышева жеңіл атлетикадан, жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында алтын жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кувейтте өтіп жатқан сайыста спортшы 3000 метр қашықтыққа жүгіруден алдына жан салмай, үздік атанды. Осылайша, Арина ұлттық құрама қоржынына екінші алтынды салды.

Еске салайық, бұған дейін 5000 шақырымға спорттық жүрістен тағы бір отандасымыз Сабрина Арзиева алтын алған еді.