Карим Бензема «Алтын доп» иегері атанды – футбол

Карим Бензема «Алтын доп» иегері атанды – футбол

Алтын доп Бенземаға бұйырды. Жылдағы дәстүр бойынша «France Football» журналы футболдан әлем үздіктерін анықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның аясында өткен маусымдағы барлық ойын сарапталып, FIFA рейтингі жүздігінде кіретін елдердің журналистері дауыс берген болатын. Нәтижесінде 2022 жылғы алтын доп сыйлығы «Реал Мадрид» командасының және Франция ұлттық құрамасының шабуылшысы Карим Бенземаға табысталды. Бензема Испанияның Ла Лигасында 32 матчқа қатысып, 27 гол соққан. Сондай-ақ оның еншісінде 12 нәтижелі пас бар. Бұдан бөлек Бензема Чемпиондар лигасының 12 кездесуінде 15 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген.

Айта кету керек, Реал ойыншылары осымен 12-мәрте алтын доп иегері атанып отыр. Ал Бензама өз кәсіпқой мансабында бұндай марапатқа алғаш қол жеткізді. Сондай-ақ салтанатты шара барысында әйелдер арасындағы «Алтын допқа» испаниялық «Барселона» ойыншысы Алексия Путельяс лайықты деп танылды.Ал Испания құрамасы мен «Барселона» ойыншысы Гави 21 жасқа дейінгі үздік жас футболшы атанды. Бұған қоса, Лев Яшин атындағы «Үздік қақпашы» номинациясына «Реал Мадрид» клубының және Бельгия құрамасының қақпашысы Тибо Куртуа ие болды.

Карим Бензема, «Алтын доп» иегері

– Бұндай деңгейгне жету оңай болған жоқ. Осы күнге дейін жасаған жұмыстарым, төккен терім ақталды. Ұлттық құрамадағы және «Реал Мадрид» клубындағы жігіттерге алғыс білдіргім келеді. Бұл - жеке адамға берілетін сыйлық. Бірақ командалық жұмыстың жемісі. Бала кезден бергі арманым орындалды. Өте қиын. Бірақ қолдан келетін шаруа екен.

ҚХЛ: «БАРЫС» ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Қатарынан үшінші жеңіс. Елордалық «Барыс» қайтадан сәтті өнер көрсете бастады. Құрлықтық Хоккей Лигасы аясында күні кеше ол өз алаңында нижегородтық торпедоны қабылдаған болатын. Есепті "Барыс" сапындағы Кирилл Савицкий ашты. Ол 5-ші минутта мергендігімен көзге түсті. Артынша қонақтар қатарындағы Игорь Ларионов таразы басын теңестірді. Екінші кезең де осындай тең жағдайда өтті. Бірақ таблодағы есеп өзгермеді. Ал үшінші кезеңде алаң иелері үш бірдей шайба соқты. Яғни Әлихан Әсетов, Линден Вей  және Антон Сагадеевтердің шеберлігі, қорытынды есепте 4:1-ге жеткізді. Айта кетейік, «Барыс» осының алдында Амур және Адмирал клубарын да осылай айқын басымдықпен ұтқан болатын. Соның арқасында қазір Шығыс Конференциясының 3-сатысына көтерілді. Андрей Скабелка баптайтын жігіттер енді бірер күннен кейін басты қарсыласы және турнир тізімінде бір саты жоғары тұрған Металлург командасымен жолығады. Матч

Андрей Скабелка, «Барыс» хоккей клубының бас бапкері:

– Қақпашы Никита Бояркиннің еңбегін ерекше атап өткіп келеді. Өткір шабуылдарға тойтарыс беріп, қарсыластарды алға шығармады. Ал, ойыншылар жоспарды бұлжытпай орындады. Әрине, қателіктер де болды. Күтпеген жерден ескерту алып, алаңнан қуылып жатты. Бірақ, жеңісті берген жопыз. Жанкүйерлерге де алғыс айтқым келеді. Олар керемет атмосфера қалыптасырып, командаға қолдау көрсетті.

ЗАҒИП ЖАНДАР АРАСЫНДАҒЫ АШЫҚ ЧЕМПИОНАТ

Showdown. Дәл осындай атаумен елордада үстел теннисінен мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы ашық чемпионат өтті. Айта кету керек, бұндай жарыс елімізде алғаш ұйымдастырылып тұр. Жалпы зағип жандарға арналған спорттық бағыт елімізге енді ғана келді. Бұған дейін Ресей, Болгария, Германия сияқты елдерде кеңінен танылып, дамуы бір жолға қойылған. Тіпті паралаимпиада ойындарына қосу да жоспарланып отыр. Осыны ескерген отандық мамандар арнайы федерация құрып, сайыс өткізуге қажетті арнайы үстелдерді алдырған.Қазір  Астана төріндегі паралимпиадалық орталықта шеберлік шыңдайды. Ашық чемпионат та осы жерде өтті. Енді дәл осындай спорттық орталықтарды басқа қалаларда да қалыптастырып, республикалық жарыс ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бұған қоса, жерлестеріміз Ресей және Түркия елдерімен жолдастық кездесулер өткізбек. Оған қатысты келісімдер жасалды дейді мамандар.