ҚПЛ: «Астана» топ басына шықты

ҚПЛ: «Астана» топ басына шықты

«Астана» топ басына шықты. Футбол ел чемпионаты аяқталуы жақын және жарыс соңына қарай командалар арасындағы тартыс күшейді.

Әсіресе «Астана» мен «Ақтөбе»  бас жүлдеден дәмелі. Мәселен, елордалық клуб күні кеше Петропавлда жергілікті «Қызылжармен» кездесіп, 2:0 есебмен жеңіске жетті. Алғашқы гол 40-минутта соғылды. Авторы Абат Айымбетов. Ал екінші кезеңде, яғни 59 минутта Педро Эуженио таблодағы көрсеткішті еселеді. Астананың басты бәсекелесі Ақтөбе бірер күн бұрын Ордабасымен тең түсіп, турнир тізіміндегі жағдайын нашарлатып алды. Қазір қос команданың арасын 1 ұпай ғана бөліп тұр. Үшінші орынға Тобыл мен Қайрат таласып жатыр. Сонымен чемпионатың аяқталуына 1 тур қалды. Оның аясында «Ақтөбе» өз алаңында «Қайратты» қабылдайды. Ал «Астана» сырт алаңда қарағандылық «Шахтермен» жолығады. Шешуші матчтар 6 қарашада өтеді.