Елордада жүзуден «ASTANA OPEN» ашық республикалық турнирі басталды

Тәуелсіздік күніне арналған турнир. Жылдағы дәстүр бойынша елордада жүзуден «ASTANA OPEN» ашық республикалық турнирі басталды.

Балалар мен жасөспірмдер арасындағы жарысқа биыл еліміздің түкпір-түкірінен 430 қатысушы тіркелді. Олар 4 жас деңгейі бойынша және жүзудің 4 бағыты бойынша өзара мықтыны анықтайды. Атап айтқанда, жарыс бағдарламасына әртүрлі қашықтыққа баттерфляй, брасс, еркін және арқамен жүзу түрлері қосылған. 3 күнге созылатын жарыс қорытындысы бойынша жергілікті құрама жасқаталып, алдағы республикалық және халықаралық жарыстарға дайындалады.

Айта кетейік, балалар арасындағы бәсеке елорда төріндегі олимпадалық талаптарға сай «Барыс Арена» басссейінінде өтіп жатыр.