Алматылықтар мерекелік марафонда жарысты

Алматылықтар 60 шақырым жүгірді.

Тәуелсіздік күні мен Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығына арналған марафонға жас та, кәрі де келген. Салтанатта сөз алғандар Тәуелсіздіктің қадірін айтып, Дінмұхамед Ахметұлының рухына тағзым етті. Одан соң марафоншылар Қонаев қаласын бетке алды. Қыстың көзі қырауда 60 шақырымға жүгіру оңай емес дейді желаяқтар. Әйтсе де, олардың алды 3 жарым сағатта қалаға аяқ іліктірді. Марафонның соңында жұрт Алматы облысының орталығындағы Қонаев ескерткішіне гүл қойды. 

Қайрат Айдарбекұлы, марафоншы:

- Бұл марафонның мақсаты жастарды спортқа баулу салауатты өмір салтын ұстану, және де  жастардың патриоттық рухын арттыру мақсатымен жүзеге асырылып жатқан іс-шара.