Аргентинада құрама команда мүшелерін құтқаруға тура келді

Аргентина астанасында өткен чемпиондық шеру тәртіпсіздікке ұласты.

Құрама команда мүшелерін тікұшақпен құтқаруға тура келді. Полициямен қақтығысқан 13 жанкүйер ұсталып, оқиға орнында 30-дан астам тұрғын жараланды. 11 шақырым жерді жүріп өту үшін чемпиондар мінген автобус 1 сағат қозғалған. Себебі оларды көруге оқталған миллиондаған жанкүйер көшелерді жауып тастаған. Алаңдағы көпірдің үстінен 2 адам чемпиондар мінген ашық автобусқа секіріп мінген соң бұл шараны тоқтатуға тура келді. Ал футболшылар Аргентина футбол қауымдастығының штаб-пәтеріне тікұшақтың көмегімен жеткізілді.