Талдықорғанда үздік спортшылар марапатталды

Жетісу өңірінің спортшылары биыл жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Атап айтсақ, велоспорттан Австралияда өткен әлем чемпионатында Евгений Федоров алтыннан алқа тақты. Бұл Қазақстан бойынша соңғы 10 жылда болмаған үздік көрсеткіш. Велошабандозға облыс әкімінің атынан 1 миллион теңгенің сертификаты берілді. Спортышының өзі Испанияда оқу-жаттығу жиынында жүргендіктен, сыйақы оның әкесіне табысталды. Әлем және Азия чемпионаттарында еліміздің қоржынына жүлде салғандардың қатарында талдықорғандық паралимпиадашылар да бар. Кореяда өткен Азия чемпионатында талдықорғандық пауэрлифтинг шебері Раушан Қойшыбаева топ жарды. Ол қазір әлем біріншілігіне қызу дайындалып жатыр.

Раушан Қойшыбаева, пауэрлифтингтен Азия және Океания чемпионы:

- Бұған өте біз қуаныштымыз. Бізді осылай марапаттап, елеп-ескеріп жатыр және тәуелсіздік мерекесі мен жаңа жылдық мерекелер астасып жатыр. Алдағы жарыстарға қазіргі дайындықтарымыз, күшті дайындықтарға енді-енді жақындап келе жатырмыз.

Рустам Әли, Жетісу облысы әкімінің орынбасары:

- Жетісу өңірі биыл спорт саласында өте жақсы жетістіктер көрсетуде. Кеше ғана садақ атудан Азия кубогын біздің Абдуллин ұтып алған. Жылдың үздігі болып республика көлемінде Евгений Федоров анықталды. Облыс көлемінде 8 ФОК бар. Тағы 6 нысан салынуда.