«Мансити» «Челсиді» жеңді

«Мансити» «Челсиді» жеңді

«Мансити» «Челсиді» жеңді. Әлем чемпионатынан кейін Кәрі Құрлықтағы аладоп алмандары қайта жанданды.

Әсіресе, футбол жанкүйерлері ағылшын премьер лигасындағы қос мықты «Манчестер сити» мен «Челси» арасындағы кездесуді тағатсыздана күткен. Англия Кубогы аясындағы матч Манчестер қаласындағы Этихат аренада өтті және алаң иелері 4:0 есебмен жеңіске жетті. Есепті 23-ші минутта  Рияд Марез ашты. Кейін командаластары Хулиан Альварес пен Фил Фоден де мергендігімен көзге түсті. Ал Марез 85-ші минутта тағы бір гол соғып, дубльдің авторы атанды. Жеңіске жеткен «Мансити»  енді келесі, яғни, 4-ші айналымда «Арсенал» және «Оксфорд Юнайтед»ойынының жеңімпазымен жолығады. Кезекті раунд кездесулері 27-ші және 30-шы қаңтар аралығында өтеді.