Астанада «Бұрқасын 2023» қысқы фестивалі өтті

Астанада «Бұрқасын 2023» қысқы фестивалі өтті

Бұрқасын 2023. Дәл осындай атаумен елордада қысқы спорт фестивалі болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кету керек, бұқаралық шара жыл сайын тұрақты ұйымадастырылады және осымен 23-ші рет өткізіліп тұр. Биыл оған 2 мыңға жуық қала тұрғындары мен қонақтары жиналып, 10 спорт түрі бойынша өзара мықтыны анықтады. «Бұрқасынның» негізгі бәсекесі о бастан шаңғы жарысы саналады. Осы спорттың әуесқойлары бірнеше жас деңгейі бойынша Есіл өзені үстіндегі арнайы алаңқайда сынға түсті. Бұған қоса қысқы футбол, пималы хоккей, автоспорт және мотоспорт бойынша да медальдар жиынтығы сарапқа салынды. Жарыс бағдарламасына гір тасын көтеру, қол күресі және арқан тарту сияқты бағыттар да қосылған. Бұқаралық шара алдағы уақытта ауқымын кеңейтіп, еліміздің басқа аймақтарында да параллель өткізілуі мүмкін. Ал елордалның өзінде биыл 800-ге жуық бұқаралық спорттық шара ұйымдастырылмақ және ол өзіндік рекорд саналады.