Талдықорған жас балуандар бәсекесі басталды

Талдықорғанда грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында республикалық турнир басталды.

Жарыс бапкер Қуаныш Еркінұлын еске алуға арналды. Оған еліміздің әр аймағынан және Қырғыз елінен екі жүзге жуық спортшы келді. Жас балуандар он салмақ дәрежесі бойынша сынға түсіп жатыр. Жасөспірімдердің бабын байқап, спорттағы аяқалысын, психологиялық дайындығын бағамдайтын дода осымен екінші рет өткізіліп отыр. Екі күндік сайыс нәтижесінде үздіктер іріктеледі. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ауқымды турнирлерде өнер көрсетеді алады.

Есхат Еркін, жарысқа қатысушы:

- Бұл жарыс өте маңызды болады. Осы жарыстан кейін облыс, одан кейін Қазақстан. Сол үшін топ жару керек болып тұр. 

Нұрбақыт Теңізбаев, Бейжің олимпиадасының күміс жүлдегері:

- Бүгін осы жердегі көздері жанып тұрған жасөспірімдерді көріп жатырмыз. Жеңіске деген құштарлықтарын байқап жатырмыз. Мынандай үлкен залда күресу үлкен тәжірбие болып табылады. Бұл жерде балалар өзінің спорттық тәжірбиесін шыңдайтын болады.