Астанада бочча шеберленінің бәсекесі өтті

Спорт саласында да инклюзивті орта қалыптастырып, мүмкіндігі шектеулі жандарды барынша қолдау қажет. Бұл жөнінде Парламент Сенатының Төрағасы әрі республикалық бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев мәлімдеді.

Ол бүгін дәл осы спорт түрі бойынша елордадағы жарысқа барып, саланы дамытуға қатысты ақпараттамен бөлісті. Жарыстың өзі 60-қа жуық қатысушының басын біріктірді және бұл жолғы бәсеке паралимпиадалық бағытты елімізге әкеліп, оны дамытуға үлес қосқан Сұлтанбек Орынбасаровты еске алуға арналды. Мүмкіндігі шектеулі жандар бірнеше жас деңгейі және бірнеше санат бойынша өзара мықтыны анықтады. Оның қортындысы бойынша қалалық құрама жасақталып, алдағы Қазақстан чемпионатына қатысуға мүмкіндік алады. Ішкі біріншілік 1 маусымда болады.