Мейіржан Төлеген шорт-тректен Азия үздігі атанды

Мейіржан Төлеген - Азия үздігі. Ресейдің Кемерево қаласында қысқы спорт түрлерінен «Азия балалары» атты құрлықтық дода жалғасып жатыр. Жарыстың кезекті күні шорт-трек шеберленің бәсекесі өтті. Әсіресе, 1 шақырымдық сында қазақстандық Мейіржан Төлеген алдына жан салмай, алтын жүлдегер атанды. Бұған қоса, тағы бір жерлесіміз Мадияр Мадихов қола жүлде еншіледі. Финалға жолдама алғандар арасында Əліби Əлімгереев пен Ерасыл Шыңғысхан бар және олар, сәйкесінрше, 4-ші, 5-ші орындарға тұрақтады. Шорт-трек бәсекелерінің нәтижесінде, ұлттық құрама қоржынына бас-аяғы 6 медаль түсті. Яғни, бұған дейін жоғарыда аты аталған Мейіржан Төлеген 1500 метрлік қашықтықта күміске  қол созған болатын. Ал қыздар арасында Малика Жолтабар қола жүлдегер атанды. 3 шақырымдық командалық эстафетадан да 1 күміс пен 1 қоламыз бар.

Данабек Хайров, шорт-тректен Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері:

- Ал шаңғымен тұғырдан секіруде бәсекесінде ұлттық құрама 5 медаль жеңіп алды. Соңғы жарыс күні аралас командалық сындар өтті және ел намысын қорғаған Илья Мизерных пен Софья Шишкина жұбы 438,8 ұпай жинап, күміс жүлдегер атанды. Ал Қазақстанның 2-құрамасы, яғни, Илья Шильников пен Алена Свириденко үздік үштікті түйіндеді. Бұған дейін жекелей сындарда Илья Мизерных алтын, Илья Шильников күміс, Софья Шишкина қола медаль алған болатын. Кемерево қаласындағы жарыс 4-ші наурызға дейін жалғасады. Айта кету керек, құрлықтық жарыс осымен 2-ші рет ұйымадстырылып тұр және бұл жолғы бәсекеге 12 елдің құрамасы жиналды.