Жас спортшыларымыз «Азия балалары» ойындарында топ жарды

Жас спортшыларымыз «Азия балалары» ойындарында топ жарды

Қоржынымызда 7 медаль. Оның біреуі – алтын. Дәл қазір Ресейдің Кемерево қаласында қысқы спорт түрлерінен «Азия балалары» ойындары басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кету керек, құрлықтық жарыс осымен 2-ші рет ұйымадстырылып тұр және бұл жолғы бәсекеге 12 елдің құрамасы жиналды. Жарыстың алғашқы күндері шорт-трек шеберлінің бәсекесі өтті. Нәтижесінде 1500 метрлік қашықтықта қазақстандық Мейіржан Төлеген күміс жүлдеге қол созды. Ал қыздар арасында Малика Жолтабар қола жүлдегер атанды. 3 шақырымдық эстафетадан да 1 күміс пен 1 қоламыз бар. Ұлдар арасындағы додада Әліби Әлімгереев, Мадияр Мадихов, Ерасыл Шыңғысхан және Мейіржан Төлеген төрттігі екінші орын алса, артынша қыздар үздік үштікті түйіндеді. Соңғысына ел намысын Нұрия Алпысбай, Айзада Алтынбек, Айсара Лабиб және жоғарыда айтқан Малика Жолтабар қорғады.

Ал, жалғыз алтын жүлдені шаңғымен тұғырдан секіру шебері Илья Мизерных әкелді. Ол өз мүмкіндігін сәтті пайдаланып, 239,3 ұпаймен жинады. Күміс жүлде тағы бір қазақстандық Илья Шильниковқа бұйырды.  Кемерево қаласындағы жарыс 4 наурызға дейін жалғасады. Осы аралықта 64 спортшымыз 6 спорт түрі бойынша медальға таласады