Жамбыл облысына қарасты Қаратау қаласында волейболдан турнир өтті
Ауыл жастары арасындағы жарыс. Жамбыл облысына қарасты Қаратау қаласында волейболдан Бақытбек Абдуалиевті еске алуға арналған турнир өтті.
Оған бас –аяғы 7 команда қатысып, айналмалы жүйе бойынша жеңімпазды анықтады.
Айта кету керек, бәсеке әуесқой спортшылар арасында ғана болды. Нәтижесінде жергілікті, яғни, Қаратау қаласының құрамасы топ жарды. Үздік үштікті Байзақ ауданы мен Майтөбе ауылының командалары түйіндеді. Алдағы уақытта осындай форматтағы жарыстар санын көбейтіп, бұқаралық спорттың дамуына үлес қосуды көздейді ұйымдастырушылар. Ал Талас ауданы орталығындағы дәл волейбол турнирі бұдан былай жыл сайын тұрақты өткізілмек.