Шайбалы хоккейден әлем чемпионаты: Қазақстан Швейцариямен ойнайды

Шайбалы хоккейден әлем чемпионаты: Қазақстан Швейцариямен ойнайды

Шайбалы хоккейден әлем чемпионатында көпшілік күтпеген нәтиже тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жарыс қожайындары Латвия осы біріншілікте топ жарудан дәмелі Чехияның осал тұсын тапты. Б тобындағы матч 4:3 есебімен айдын иелерінің пайдасына шешілді. Негізгі уақытта қарсыластар тең түсті. Овертаймда латыш хоккейшілерінің мерейі үстем болды. Канада Словакияны буллит сериясында жеңіп, Б тобында 8 ұпаймен алға шықты. 16 мамыр түнде Қазақстан Швейцариямен ойнайды. Ғалым Мәмбетәлиев шәкірттері осы топта 2 ұпаймен бесінші орында келеді.