«Интер» чемпиондар лигасының финалына шықты

«Интер» чемпиондар лигасының финалына шықты

"Интер" араға 13 жыл салып чемпиондар лигасының финалына шықты.

Симоне Индзаги шәкірттері жартылай финалда көршілері "Миланның" осал тұсын тапты. Жолдама тағдырын алғашқы ойында шешіп тастаған "қара-көк" жейделі футболшылар, екінші матчта да жеңіске жетті. Кездесудегі жалғыз голды 74-ші минутта Лаутаро Мартинес соқты. Аргентиналық шабуылшыға Ромелу Лукаку нәтижелі пас шығарды. "Милан" жақсы ойнады. Тіпті алғашқы таймда гол соғатын бірнеше мүмкіндікті мүлт жіберді. "Интердің" финалдағы қарсыласы бүгін түнде анықталады. "Манчестер Сити" Мадридтің "Реалын" қабылдайды. Испания астанасындағы алғашқы ойын 1:1 есебімен аяқталғанды. Биылғы чемпиондар лигасының финалы 10-шы маусымда Стамбұлда өтеді.