Канада хоккейден әлем чемпионы атанды

Канада хоккейден әлем чемпионы атанды

Канада құрамасы шайбалы хоккейден әлем чемпионы атанды.

Үйеңкі жапырақты елдің жігіттері финалда Германиядан басым түсіп, өз тарихында 28-ші мәрте дүниежүзілік біріншілікте топ жарды. Шешуші матч 5:2 есебімен аяқталды. Канада қатарынан төртінші жыл финалда ойнап, өз рекордын жаңартты. Ал футболда аты шыққан Германия шайбалы хоккейде олай мақтана алмайды. Неміс құрамасы 70 жылда алғаш рет әлемдік жарыстың медалына ие болды. Соңғы рет олар 1953-ші жылы жүлдеге қол созған. Әлем чемпионатының қола медалы Латвияға бұйырды. Жарыс қожайындары үшінші орын үшін матчта АҚШ-тан айласын асырды. Жүлде тағдыры овертаймда шешілді. Қазақстан әлем чемпионатын өз тобында алтыншы орынмен аяқтап, келесі жылғы біріншілікке жолдама алды. 2024-ші жылы шайбалы хоккейден әлем чемпионаты Чехияда өтеді.