Қазақстан футболшылары Еуропадағы халықаралық турнирде жеңіске жетті
Германияның Келн қаласында әлемнің әр бұрышындағы қазақ диаспоралары бас қосып, доп додасын өткізді.
Ұлттық құрылтайға еліміздің атынан Алматы мен Астана командасы қатысты. Алатау етегінен барған ұжым сапында Айбол Әбікен, Самат Отарбаев және Қайрат Баймаханов секілді танымал футболшылар доп тепті. Алматы топтық кезеңде "Венадан" 1:0 есебімен басым түсіп, "Париж" және "Келн" командасымен тең түсті. Нидерланд жігіттерімен болған ойында да жеңімпаз анықталған жоқ. Жартылай финалда Алматылықтар "Мюнхенді" пенальти сериясында жеңіп, шешуші кезеңге шықты. Финалда "Келн" қаласының бірінші командасымен ойнады. Бұл кездесу де тең аяқталды. Он бір метрлікте Алматы футболшылары мергендік танытты. 11 команда қатысқан турнирде Айбол Әбікен мергендігімен көзге түсті.
Айбол Әбікен, футболшы:
- Біріншіден, Еуропада жүрген қазақтардың құрылайын мереке ғой меркемен құттықтаймын. Турнир біз үшін сәтті өтіп жатыр деген ойдамын. Шыны керек мен бұл тьурнирге бірінші рет келіп тұрмын. Алдыңғы жылы да болған шақырту Париж қаласында болған кезде. Бірақ ол кезде белгілі себептермен келе алмадым. Осы жылы сәті түсіп келдім.