Марат Ахметжанов жеңімпаз спортшылармен кездесті
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов бокстан және джиу-джитсудан өткен әлем чемпионаттарының жеңімпаздары және қатысушыларымен кездесті.
Жиынға семсерлесу командасының мүшелері де қатысты. Ведомство басшысы «Динамо» спортшыларын әлем біріншіліктеріндегі жарқын жеңісімен құттықтады.
«Сіздерден үлкен додаларда үміт күтеміз. Париждегі Олимпиада ойындарында туымыз желбіреп, әнұранымыз шырқалсын!» – деді. Кездесу барысында Ұлттық ұлан мен полиция қатарында қызмет ететін спортшыларға арнайы медаль, грамота мен сыйлықтар табысталды.