Талдықорғанда велоспорттан жазғы спартакиада басталды

Ел үздіктері Жетісуға жиналды.

Талдықорған қаласында тас жолдағы велоспорттан жазғы спартакиада басталды. Оған паралель, жастар, жасөспірімдер және паралимпиадашылар арасындағы Қазақстан чемпионаты да өтіп жатыр. Байрақты бәсекеге барлық аймақтан 150-ден аса спортшы қатысуда. Алғашқы жарыс күні аралас командалық эстафета ұйымдастырылып, нәтижесінде Солтүстік Қазақстан облысының құрамасы топ жарды. Оның сапында Глеб Брусенский, Даниил Пронский, Николя Винокуров сияқты ұлттық құраманың үздіктері бар. Әйелдер арасында Махаббат Үмітжанова, Полина Братчикова және Надежда Морозовалар жарыс жолына шықты. Екінші орынды жергілікті, яғни, Жетісу облысының спортшылары иемденсе, Алматы қаласының командасы үздік үштікті түйіндеді. Ал жастар мен жасөспірімдер арасындағы ішкі біріншілікте 25 және 30 шақырымдық жекелей сындар өтті. Талдықорған қаласындағы жарыс 25-ші маусымға дейін жалғасады. Оның қорытындысы бойынша алдағы халықаралық жарыстарға қатысатын ұлттық құрама жасқаталады.