Әлихан Смайылов универсиада жеңімпаздарымен кездесті

Әлихан Смайылов Дүниежүзілік жазғы Универсиада жеңімпаздарымен кездесті. 

28 шілде мен 8 тамыз аралығында Қытайдың Чэнду қаласында өткен ХХХІ Дүниежүзілік жазғы Универсиадаға Қазақстан 11 спорт түрінен қатысты. Студенттер құрамасында 90 спортшы болды. Олар садақ ату, спорттық гимнастика, көркем гимнастика, жеңіл атлетика, семсерлесу сынды жарыстарда бақ сынады. Нәтижесінде құрама команда жалпы медальдық есепте 119 елдің арасынан 20-шы орынды иеленді. Кездесу барысында Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының спортшыларға жолдаған құттықтау сөзін оқып берді. 

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:

- Универсиада бұл тек жай ғана спорт емес, ең алдымен, әлемнің түкпір-түкпірінен келген студенттермен өзара жақындаса түсуге мүмкіндік беретін жастар алаңы. Сондықтан сіздерге аса жауапты миссия, біздің ұлттық құндылықтарды шетелде таныстыру міндеті жүктелген. Қазақстандықтар сіздердің жетістіктеріңізді мақтан тұтады. Үкімет атынан және жеке өз атымнан лайықты өнер көрсеткендеріңіз үшін барлық жаттықтырушылар мен жас спортшыларға алғыс білдіреміз.