Шымкентте стенд атудан халықаралық турнир басталды
5 елдің үздіктері Шымкентте бас қосты.
Бұнда стенд атудан КСРО Спорт шебері Владимир Почиваловты еске алуға арналған халықаралық турнир өтіп жатыр. Айта кету керек, байрақты бәсеке осымен 32-ші мәрте ұйымадстырылып тұр. Яғни, тәуелсіздік алған жылдардан бері тұрақты оздырылып келеді. Осының арқасында 2018 жылы Халықаралық Федерациясының күнтізбелік жоспарына да енді. Биылғы жарысқа Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей және Италияның сұрмергендері қатысуда. Бұған қоса, еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған спортшылар да бар. Бас аяғы 200-ден аса қатысушы 12 күн бойы өзара мықтыны анықтайды. Бәсекелестік деңгейі өте жоғары. Өйткені, бұнда Олимпиада ойындарының қатысушылары, Азия ойындарының жеңімпаздары, бұған қоса Әлем және Азия чемпионаттарының жүлдегерлері бақ сынап жатыр. Жарыстың жалпы қорытындысы ертең белгілі болады.