Пара Азиада. Жетінші алтын қоржында

Пара Азиада. Жетінші алтын қоржында

Қазақстандық спортшы Диас Кенжебек жүзуден алтын медаль иегері атанды.

Ол 100 м қашықтықты 1:05:42-де жүзіп өтіп, Азия және Азия пара ойындарының рекордын жаңартты.

«Азиадада Қазақстан құрамасы дәстүрлі түрде осы спорт түрінен өте жақсы нәтиже көрсетіп келеді және бүгінгі жетістік-осының жарқын дәлелі. Команданың жаттықтырушылар штабына ерекше алғыс айтамын. Ел сіздің еңбегіңізді мақтан тұтады!»- деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.