Бақтиер Зайнутдинов жарақат алды

Зайнутдиновтың мұрны сынды және ол алдағы Сан-Марино мен Словенияға қарсы мачтарда ойнамауы мүмкін. 

Келеңсіз жағдай Түркия чемпионатында орын алды. «Бесіктас» және «Стамбұл» командалары арасындағы кездесуде Бақтияр Зайнутдиновтың бетіне  Джерома Опокудың шынтағы тиіп, ауыр жарақат тіркелді. Яғни, жерлестеріміздің мұрны сынғаны анықталды.

Айта кетейік, ұлттық командамыз осы аптада Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Астанада Сан-Марино құрамасымен кездеседі. Араға бірер күн салып сырт алаңда Словениямен жолығады. Қос матч та қазақстандық тарап үшін аса маңызы саналады. Өйткені, ұлттық командамызға алғаш рет Еуропа чемпионатында ойнау мүмкіндігі шығып тұр. Осыған байланысты алдағы кездесулерде өнер көрсететін футболшылардың тізімі бекітілді. Оның ішінде 27 ойыншы бар. Оның 6-ауы шетелдік клубтарда доп тебеді. Жалпы тізімде жуырда ғана жарақат алған тағы бір жерлесіміз Асхат Тағыберген ғана жоқ. Еске сала кетейік, Қазақстан 8 ойыннан кейін 15 ұпай жинап, өз тобында үшінші орында келеді. Алғашқы екі сатыда 19 ұпайдан еншілеген Дания мен Словения тұр.