Қазақстан-Сан-Марино матчы. LIVE

Астана абыр-сабыр. Кешкілік жұрт жаппай футболға асығып, көшеде кептеліс көбейді.

Бүгін футболшыларымыз үшін шешуші кезең. Дәл қазір Астана Аренада Қазақстан мен Сан-Марино командасы арасында қызу тартыс басталмақ. Матчқа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та барды. Президент футболшыларымызға қолдау жасап, жанкүйер болмақ.
Бұл EURO-2024 чемпионатына іріктеу аясындағы соңғы кездесулердің бірі. Бүгінгі ойыннан соң біздің команда Словенияға аттанып, алаң иелерімен кездеседі. Ендігі үміт екі ойында жеңсе Еуро-2024 додасына қатыса алады.