Шығыста су тасқынының алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр
Шығыс Қазақстанда да су тасқынының алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр.
Төтенше жағдай қызметі күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Өңірге Семей қаласындағы әскери бөлімнен 50-ден астам жауынгер келді. Олар су тасқыны болған жағдайда шұғыл әрекет ету үшін Алтай және Күршім аудандарына жіберіледі. Төтенше жағдай мамандары қызыл су жүру қаупі бар елді мекендерге 200 рейд жүргізіп, жағдайды бақылауда ұстауда.