Су тасқынымен күрес. Спортшылар да қатарға қосылды
Спорт саласындағы ондаған федерация мен мыңдаған адам ауызбіршілік танытып, табиғи апат болған аймақтарға қолдау танытты.
Айтулы спорт саңлақтары қазір эвакуациялық өңірлерге аттанып, жергілікті тұрғындарды көшіруге және бөгеттерді нығайтуға атсалысып жүр. Ал спорттық ұйымдар қаржылық және материялық көмек жіберді. Тіпті, матч билеттерінен түскен ақша да зардап шеккендерге аударылды.
Спортшылар су басқан аймақтарға барды
Спорт саласының 7 мыңнан аса өкілі су басқан аймақтарға арнайы барып, қолдан келген көмектерін көрсетіп жатыр.
Атап айқанда, спорттық ұйым ұжымдары бірігіп, гуманитарлық көмекті қабылдау және халыққа тарату пункттерін ұйымдастыруда ерікті ретінде еңбек етуде.
Бұған қоса, 32 спорттық федерация қызыл судан зардап шеккендерге материалдық көмек көрсетті. Ал 6 федерация қаржылай қолдау танытты.
Ал ведмоство басшысы Ермек Маржықбаев бұл жұмыстар қажет болса жүйелі түрде жүргізілетінін алға артты. Яғни, спортшылар, жалпы спорт саласының өкілдері қолдан келер көмегін аямайды.
Бұған қоса, табиғи апаттан зардап шеккен спорттық нысандар қысқа мерзімде қалына кетіріледі.
Ермек Маржықпаев, ҚР Туризм және спорт министрі:
- 5 облыста 13 спорт нысаны су астында қалды. Қысқа мерзімде аталған спорт кешендерін қалпына келтіру жоспарланған. Дегенмен халықтың ынтымақ-бірлігінің нәтижесінде бұл тығырықтан да шығарымыз анық. Ел Президенті өз Үндеуінде атап өткендей, зардап шеккендерге мемлекет тарапынан тиісті қолдау көрсетіледі
Айта кету керек, спортқа жауапты министрлік жоғарыдағы жұмыстарды «Дала Қырандары» қоғамдық бірлестігімен бірге атқарып жатыр. Оның аясында елімізге танымал спортшылар видео үндеулер жариялады. Жоспардағы жарыстар мен жаттығуларды уақытша шегеріп, эвакуациялық аймақтарға аттанып жатыр.
32 федерация материалдық қолдау көрсетті
Жоғарыда 32 спорттық федерация қызыл судан зардап шеккендерге материалдық және қаржылай қолдау көрсеткенін айттық.
Әсіресе, Қазақстан дзюдо федерациясының атқарушы директоры Айбек Имашевтың өзі осы қолдауды аймақтарға жеткізіп, жергілікті тұрғындарға қол көмегін де жасап жүр.
Ол алдымен Ақтау қаласында гуманитарлық жүктерді көліктерге тиеп, 700 шақырым қашықтықта жатқан Құлсары қаласына апарды. Кейін сол жақтағы спортшыларды және спорт мамандарының басын қосып, бөгет жасауға атсалысқан. Жергілікті тұрғындардың ауызбіршілігі мен қайсарлығына тәнті болдым дейді.
Легионерлер бөгеттерді нығайтуға көмектесті
Футболшылар мен баскетболшылар да шетте қалып жатқан жоқ.
Өткен аптада, Қазақстан жоғары лигасында өнер көрсететін «Ақтөбе» аяқдопшылары матчқа «Күшіміз – бірлікте» деген жидемен шығып, билеттен түскен қаржыны толықтай төтенше жағдайдан жапа шеккендерге аударған еді. Ол жайында осы жерде айттық.
Ал енді, Атыраудағы баскетболшылар, нақтырақ айтқанда, «Барыстар» клубының баскетолшылары су тасқынының алын алу үшін елді мекендерге арнайы барып, бөгеттерді нығайтуға көмектесіп жатыр.
Әсіресе, америкалық және канадалық ойыншылары жергілікті жігіттермен бірге еріктілер қатарына қосылды.
Легионерлердің осынша белсенділігі, сөздің шыны керек, ауыл тұрғындарын таңқалдырды. Бұл көмектер бір реттік емес. Алдағы уақытта да барынша ауызбіршілік танытып, қауіптің алдын алатын және көпшілікке үлгі болатын істерге білек сыбана кірісетіндерін жеткізді спортқа жауапты министрліктің баспасөз қызметі.
Аслан Қаженов, 24.KZ