Қонаев қаласында теннис орталығы ашылды

Жастар онда үстел теннисі, үлкен теннис және бильярд спорты бойынша жаттығу жасап, түрлі жарыстарға дайындала алады.

Қалада бұрын мұндай орталық болмаған. Осыны ескере отырып, бұл жаңа ғимаратты жергілікті кәсіпкерлердің бірі өз қаржысына салғызды. Сондай-ақ ол ашық алаңда теннис кортын жабдықтаған. 3-4 жылдан бері кәсіби бапкер жалдап, балаларды сонда үлкен теннис спортына баулып келеді. «Үстел теннисі мен бильярд – әлем бойынша жоғары сұранысқа ие болып отырған өте мықты спорт түрі. Сондықтан спортқа ынтасы бар жастар мен қала тұрғындарын осында келуге шақырамыз», – деді спорт жанашыры. 

Бөлек Әлменбаев, қала тұрғыны:

- Бүгінгі ашылып жатқан ғимарат, меніңше, өте маңызды, өте керек біздің қаламызға. Неге десеңіз, бізде спорт сарайы жоқ. Осы ғимаратты салғанына үлкен-үлкен алғыс айтамыз. Осы ғимараттан біздің республика бойынша чемпиондар шықсын.