Жорықшылар Ерейментаудан асты

Ұлы дала жорығы марафон-бәйгесінің үшінші күні аяқталды.

Павлодар мен Астананы жалғайтын 500 шақырымдық жорық күн өткен сайын қызып келеді.

Иә, жарыстың алғашқы күні шығыстың азаматтары мен қазанаттары топ жарды. Екінші күні мәреге елден бұрын алматылықтар желіп жетті. Ал үшінші күннің нәтижесі қалай? Арғымақ мінген аруларымыздың жайы қалай екен? Осыны білмеккке қазір Ерейментау маңына келіп қалған жорықшылармен тікелей байланысқа қосыламыз. Жағдайды «Жорық» федерациясының президенті Бақытжан Тұрлыбеков мырзадан білейік.