23 маусым – Халықаралық Олимпиада күні
Бүгін әлемде Халықаралық Олимпиада күні аталып өтеді.
1894 жылы олимпиадалық қозғалыстың қайта жандануына өлшеусіз үлес қосқан барон Пьер де Кубертен халықаралық атлетикалық конгресс алдында өзінің тарихи баяндамасын оқыған еді. Мерекеге орай Ұлттық олимпиада комитетінің бастамасымен қазақстанның спорт жұлдыздары Мерей Ақшалов пен Денис Никиша «Олимпиада күнінде дүниеге келдім» акциясына қатысады. Олар жаңа туған нәрестелерге сыйлық ұсынып, жылы лебіздерін білдірді.
Мерей Ақшалов, бокстан әлем чемпионы:
- Біз өзі ырымшыл халықпыз ғой. Сол күні туған нәрестелердің ішінен болашақ олимпиада чемпиондары, еліміздің туын желбіретіп, әнұранын шырқататын, елімізге адал қызмет ететін азаматтар болады деп ойлаймыз. Ұлттық құрама командалары қазір олимпиадаға дайындық үстінде. Олимпиада да 4 жылда бір келетін маңызды жарыстардың бірі. Сондықтан бәріне сәттілік тілеймін.