Париж-2024: биыл палуандарымыздан үміт зор

Париж Олимпиадасына тура 10 күн қалды, деп хабарлайды 24kz.

Қазір ел намысын қорғайтын спортшылар соңғы дайындықтарын пысықытап жатыр. Биыл, әсіресе, палуандарымызға үміт зор. Күрес түрлерінен 8 жігіт жолдама жеңіп алды. Оның 4-еуі еркін күреске тиесілі және биыл олардың біреуі алтын жүлде жеңіп алып, қазақтың арманын орындауы қажет. «Ол әбден мүмкін», - дейді бас бапкер. Арна тілшісі Аслан Қаженов Алматыға арнайы барып, жаттығудың барысын бақылап қайтты.

Аслан Қаженов, тілші:

- Алматы облысына қарасты «Тау самалы» жаттығу базасы. Қазақстандық палуандар Олимпиада алындағы дайындықты осында жүргізіп жатыр. Ерекшелігі сол, бұл жер 1700 метр биіктікте орналасқан. Сәйкесінше, үнемі жетіспейді деп жататын шыдамдылық пен төзімділікті шыңдауға жақсы мүмкіндік.

Бұған қоса, жуырда тағы бір лицензия бұйырды. Яғни, Ресей спортшыларының жаппай жолдамадан бас тартуының нәтижесінде 57 келідегі Мейрамбек Қартбай да жазғы ойындарға қатысуға мүмкіндік алды.

Ал, енді көпшілікті адаңдататын негізгі сұрақ. Қазақ палуандарды қашан Олимпиада алтынын алады? Сала мамандары сол арманы биыл біртабан жақын тұрғанымызды алға тартады. Өйткені құрамада тәжірибелі жігіттер бар. Яғни, Олимпиадаға екінші рет бара жатыр. Басқа жағынан, жоғарыда айттық, басты фаворит саналатын көрші елдің өкілдері қатыспайды. Бұл да белгілі бір деңгейде бәсекелестікті азайтып, қосымша мүмкіндіктер ашады. Ендеше жерлестерімізге сәттілік тілейміз!

Авторы: Аслан Қаженов