Қазақстанда алғаш рет Roland Garros турнирінің іріктеуі өтеді

Қазақстанда алғаш жер Roland Garros турнирінің іріктеуі өтеді.

Теннис турнирін Алматы қаласы қабылдайды. Жасөспірімдер арасындағы бәсекеге Орталық және Батыс Азиядан 16 үздік ойыншы қатысып, 2025 жылғы Франция ашық чемпионатының жолдамасына таласады.

Қазақстандық клубтар жеңіліп жатыр

«Ақтөбе»  де, «Тобыл» да, «Ордабасы» да алғашқы кезеңнен аса аламады. Қазақстандық клубтар еурокубок іріктеуінде бірінен соң бірі ұтылып, жанкүйерлердің ашуын туғызды. Кеше ғана шымкенттік «Ордабасы» Чемпиондар Лигасы аясында Молдованың «Петрокубынан» жеңілгенболатын. Енді «Тобыл» Еуропа Лигасы аясында өз алаңында Словакиялық «Ружомберок» командасын қабылдап, 1:0 есебімен.жеңіске жеткен Бірақ, сырт алаңдағы алғашқы ойын 5:2 есебімен аяқталғанын ескеру керек. Яғни қос ойын қорытындысы бойынша словакиялық клуб келесі айналымға шықты. Ал «Тобыл» енді Конференция лигасында бағын сынап көреді. Яғни 25 шілде күні швейцариялық «Санкт-Галленг» клубымен жолығады. «Ақтөбенің» де жолы болмай қойды. Олар Конференция лигасы аясында боснияның «Сараево» клубымен кездескен еді. Қос ойын нәтижесіндетараптар тең түсіп, жеңімпазды пенальтилер сериясында анықтауға тура келді. Бұл сында босниялық клуб 4:3 есебмен алға шықты. Сәйкесінше Конференция лигасында жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды. Ал «Ақтөбе» үшін еурокубоктың биылғы маусымы осымен аяқталды.

Боксшылар жексенбі күні Парижге аттанады

Жеңісті дәстүрімізді жалғастырып, Парижде жанкүйерлерді қуантамыз. Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері Мырхағали Айтжанов осындай мәлімдеме жасады. Қазақстандық былғары қолғап шеберлері қазір Түркістанда олимпиада алдындағы соңғы дайындықты пысқытап жатыр. Франция астанасына 21 шілде күні аттанады. "Қазір менен командадада фаворит кім деп сұрап жатқандар көп. Олимпиада алдында боксшыларды бұлай бөлуге болмайды. Себебі, жазғы ойындардың рухы бөлек. Олимп шыңына ең мықты деген спортшылар ғана шығады. Біздің құрамадағы жігіттердің бәрі жақсы. Біз жеңісті дәстүрімізді қайта жалғастырып, Париж төрінде жанкүйерлерді қуантамыз деп сенемін» - деді бас бапкер олимпик кз порталына берген сұхбатында. Айта кетейік, қазақстандық боксшылар Парижде барлық салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Яғни ерлер командасы 7 лицензия жеңіп алды.

О. Довгун: Спортшыларға сенім мол

Ал нысана көздеу шеберлері 22 шілдеде жолға шығады. Спорттың дәл осы бағытынан 6 бірдей жолдама жеңіп алдық. Бұл өзіндік рекорд. Ольга Довгун баптайтын қыз жігіттер қазір Алматы облысындағы Олимпиадаға даярлау орталығында жаттығу жүргізіп жатыр. "Нысана көздеуден соңғы дайындықты пықсытауға кірістік. Спортшылардың көңіл-күйі жақсы. Сәйкесінше,  оларға сенім де мол», - деді бас  бапкер олимпик кз порталына берген сұхбатында. Биылғы жазғы ойындарда ерлер арасында  Ислам Сәтпаев, Никита Чирюкин және Константин Малиновский ел намысын қорғайды. Ал, әйелдер арасында Александра Ле, Арина Алтухова және Ирина Юнусметова жарыс жолына шығады.

Мемлекеттік қызметкерлер спартакиадасы

Ақтөбе 

Қазақ күресінен үздіктер анықталды. Ақтөбе қаласында мемлекеттік қызметкерлер  спартакиадасы жалғасып жатыр. Биылғы бәсекеге барлық аймақтан 700-ге жуық қатысушы жиналды. Олар 8 спорт түрінен өзара мықтыны анықтайды.Жарыстың кезекті күні қазақ күресі бойынша медальдар жиынтығы сарапқа салынды. 4 салмақ бойынша белдесулер болды. Атап айтқанда, 74 келіде атыраулық Бекбол Абуов, 82 келіде батыс қазақстандық Темірлан Ғаббасов, 90 келіде ұлытаулық Жасұлан Ыбыраев, ал аса ауыр салмақта ақтөбелік Шыңғыс Шоқпытовтар топ жарды. Жалпы командалық есепте Атырау облысы бірінші орын алды. Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облысының спортшылары алдыңғы үштікке кірді. Сонымен спартакиада аясында бүгінге дейін үстел теннисі, гір тасын көтеру және қазақ күресінен жарыстар аяқталды. Енді шахмат, тоғызқұмалақ, волейбол және футболдан жеңімпаздар анықталады. 

Шыңғыс Шоқпытов, жарыс жеңімпазы