Е.Маржықпаев пен Г.Головкин Париждегі Олимпиада ауылына барды
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев пен Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы Геннадий Головкин Париждегі Олимпиадалық ауылға барды, деп хабарлайды 24kz.
Олар отандық спортшылармен кездесіп, байрақты бәсекеде сәттілік тіледі. Олимпиадаға спорттың 25 түрінен 80 қазақстандық қатысады. Ойынның ашылу салтанаты ертең өтеді. Біздің арна тілшілері де қазір сонда жүр. Дода барысынан тікелей эфирде үздіксіз хабар тарататын боламыз.