Париж Олимпиадасы: Қазақстан құрамасы 25 спорт түрінен сынға түседі

Олар байрақты бәсекеге 80 жолдама алды, деп хабарлайды 24KZ.

Алайда кейін теннисші Елена Рыбакинаның жарысқа қатыса алмайтыны белгілі болды. Ең көп лицензия былғары қолғап шеберлеріне тиесілі. Рингке 10 боксшымыз шығады. Ал дзюдошылар тізіміне 9 адам енді. Спорттық гимпастика мен жеңіл атлетикадан 8 жолдамадан бар. Оқ ату, байдарка және каноэ есу командаларының әрқайсында 6 спортшыдан өнер көрсетеді. Ұлттық олимпиада комитеті ел құрамасына 67 бапкер мен 15 дәрігер қолдау көрсететінін жеткізді.