Әбиба Әбужақынова жүлдеден тыс қалды
48 келі салмақта ел намысын қорғаған Әбиба Әбужақынова, өкінішке қарай, қарсыласына есе жіберіп алды, деп хабарлайды 24KZ.
Қола жүлдені сарапқа салған белдесуде спортшымыз швециялық жас балуан Тара Бабульфаттан ұтылып қалды. Осылайша, Әбиба Париж Олимпиадасын аяқтады. Ол жұбаныш белдесуінде Парагвай дзюдошысы Габриэла Нарваесті ұтып, қола медальға таласу мүмкіндігіне ие болаған еді. Ал бірінші белдесуде Израиль балуаны Сара Ришониді Waza-Ari ұпайымен жеңсе, екінші кезеңде Тайпей спортшысы Чен-Хао Линнің жауырынын 17 секундта жер иіскетті.
Әбиба Әбужақынова, спортшы:
- Бәріне де шыдайтын едім. Сол қателік, ана қыздың күресі... Жағымсыз күреседі. Қисық күреседі, лақтыра алмайсың. Солай қателік, қаншама әрекет жасадым. Жоғары «захваттан» басып тастауға. Бәрібір өзінікін жасады.