Бадминтоншы Д.Панарин Олимпиададағы алғашқы матчта жеңіліп қалды

Ұлттық құрама бадминтоншысы Дмитрий Панарин Париж Олимпиадасының іріктеуінде Жапония спортшысы Кента Нисимотодан 2:0 есебімен жеңілді.

Бұл туралы спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады. Жапон спортшысы жеребе кезінде әлем рейтингінде жоғары орында тұрған 13 ойыншының қатарына кірген. D тобындағы келесі ойында Дмитрий Панарин Брайан Янгпен бақ сынасады. Еске сала кетейік, отандасымыз Париждегі Олимпиадаға лицензия жеңіп алып, бадминтоннан Қазақстан намысын қорғайтын алғашқы спортшы атанған еді.