Дене шынықтыру және спорт саласы
Елде жасөспірімдерге арналған 510 спорт мектебі жұмыс істеп тұр.
Мұнда 400 мыңнан астам бала жаттығады. 2022 жылмен салыстырғанда жас спортшылар қатары 13 мыңға көбейген. Мұндай мекемелерде 15 мыңдай жаттықтырушы-оқытушы қызмет атқарып жүр. Оның 5 мыңы ауылдық жерлерде шәкірт тәрбиелеуде. Ұлттық спортқа қызығушылар қарасы да жылдан жылға артып келеді. Қазір 10 федерацияда 620 мыңға жуық адам жаттығады. Елде дене шынықтыру және спортпен жүйелі айналысатындардың үлесі 40 пайыз шамасында. 2029 жылға дейін бұл көрсеткішті 50 пайызға жеткізу міндеті қойылған.
Дене шынықтыру және спорт саласы
510 спорт мектебі
2022 ж. 390 мың бала
2023 ж. 404 мың бала
15 мың жаттықтырушы
Ұлттық спорт
2022 ж. 584 мың адам
2023 ж. 620 мың адам
10 федерация
Бұқаралық спорт
2023 ж. 38,5%
2029 ж. 50%