Дүниежүзілік көшпенділер ойынын шетелдік блогерлер насихаттайды

Дүниежүзілік көшпенділер ойынында шетелдік блогерлер төрткүл тарапқа ақпарат таратады, деп хабарлайды 24kz.

Бұл төл тарихымыз бен құндылықтарымыз жаһан жұртына насихатталады деген сөз. Олардың бір бөлігі басқалаға келіп, дүниежүзілік доданың дайынғымен танысты.

Шернияз Жалғасбекұлы, тілші:

- Күллі әлем көз тіккен көшпенділер ойынының басталуына аз қалды. Байрақты бәсекеге 89 елден 2 мыңнан аса қатысушы тіркелген. Талас-тартысқа толы бәйгеде түрткіл тараптың назары Астанаға ауары сөзсіз. Мұндайда жылт еткен жаңалықты қалт жібермей, жиын жаңалықтарын жаһан жұртына жедел әрі бүкпесіз баяндау маңызды.

Осы мақсатта дүниежүзілік додада жаһанға танымал 50-ге жуық   блогер ақпараттық қолдау көрсетеді. Солардың бір бөлігі бас қалаға келді.

Эрик Әбдіхалықов, блогер (Қырғызстан):

- Бізге дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дайындығы, өту барысы таныстырылды. Ұйымдастыру жұмыстары блогерлерді таңқалдырды. Қыркүйек айындағы доданың жоғары деңгейде өтетініне сенімдімін. Қырғыз халқына көкбөрі, көкпар секілді ойындар көбірек қызықтырады. Сондықтан мен сайыстың ортасынан табылып, ақпарат таратамын.

Әлеуметтік желі жұлдыздарының қатарында Түркия, Оман, Қытай секілді алыс-жақын шет елдерден келген блогерлер бар.

Айбек Сапарқұл, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекциясының бөлім басшысы:

- Бүгін біз Сыртқы істер министрлігінің ұйымдастыруымен шетелдік атақты, тынымал блогерлер осы еліміздің туризм саласымен, сосын осы қыркүйек айында елордада өтетін дүбірлі доданы насихаттау мақсатында осында келіп жатыр. Бұл іс-шараға әлемнің 9 мемлекетінен 12 блогер көшпенділер ойыны туралы, еліміз туралы насихаттайтын болады.

Блогерлермен қатар ресми БАҚ өкілдері де бәйгеден тысқары қалмайды. Қазір 89 мемлекеттен 200-ден аса ақпарат құралдары жаңалық таратуға өтініш білдірген. 

Авторлары: Шернияз Жалғасбекұлы, Арман Ақшабаев