Олимпиадаға қатысушы әйел спортшылардың үлесі 50%-ке жетті
Париж Олимпиадасында алғаш рет спортшы ерлер мен әйелдер саны теңесті, деп хабарлайды 24KZ.
Халықаралық Олимпиада комитетінің мәліметінше, мұндай көрсеткішке жету үшін 124 жыл кетіпті. Әйелдер қатысқан алғашқы спорт түрлері теннис, гольф, садақ ату, желкенді жүзу болған. Мамандар әйелдердің Олимпиада ойындарындағы ең алғашқы үлесі 1900 жылы 2,2% ғана болғанын айтады. Ал 1928 жылғы ойындарда әйелдер саны 9,6%-ке, 1964 жылы 13,2%-ке, 1992 жылы 29%-ке бір-ақ жеткен. Ал биылғы Олимпиадаға қатысушы 10 500 спортшының тең жартысы – әйелдер.