Дзюдошы Нұрлыхан Шархан Париж Олимпиадасын жеңіспен бастады
Дзюдошымыз Нұрлыхан Шархан (100 кг) Париж Олимпиадасындағы алғашқы белдесуінде тәжірибелі Тома Никифоровтан (Бельгия) басым түсті.
Негізгі уақыттың аяқталуына санаулы секундтар қалғанда Томаға 3-ескерту (shido) берілді. Айта кетейік, отандасымыз енді 1/8 кезеңде өзбекстандық Музаффарбек Туробовқа қарсы шығады. Бельгиялық әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері, Еуропа чемпионатының 2 дүркін жеңімпазы атанған.
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі