Астанада командалық шахматтан әлем чемпионаты басталды
Астанада командалық шахматтан 45-әлем чемпионаты басталды.
Байрақты бәсеге жаһанның түкпір-түкпірінен келген шахмат шеберлері түгел жиналды. Бас-аяғы 300-ден аса ойыншы бақ сынайды.
Шернияз Жалғасбекұлы, тілші:
- Бүгін бас қалаға шахмат жұлдыздары жаңбырша жауды деуге келеді. Себебі алғаш рет Астанада шахматтан әлем чемпионаты басталды. Айрықша айту керек, біздегі байрақты бәсеке бүкіл әлемдік ФИДЕ шахмат федерациясының 100 жылдығымен тұспа-тұс келіп тұр. Дүниежүзілік бірлестіктің мерейтойының құрметіне ашылу салтанаты алау эстафетасымен басталды. Қазақстан олимпиада шырағын Мароккодан қабылдап алды. Ал әрі қарай Біріккен Араб Әмірлігіне жолдайды. Мұнда бас-аяғы 39 команда бақ сынайды. Біздің Қазақстан құрамасы да тас-түйін даярлықпен додаға қосылды. Көріп тұрмыз, ашылу салтанатына қатысуға және қазақ құрамасын қолдауға премьер-министр Олжас Бектеновтің өзі қатысты.