Данил Мусабаев батутта секіруден финалға шыға алмады
Қазақстан батутта секіру спортынан да жазғы Олимпиада ойындарына спортшы қосты.
Қарағандылық Данил Мусабаев Париждегі кешенді сында өнер көрсетті. Отандық спортшы іріктеу кезеңінің алғашқы сынында 8 ұпай жинап жақсы бастап еді. Бірақ екінші айналымда қателік жіберіп, тоғызыншы орынға түсіп, финалға шыға алмады. Мұсабаев біраз қобалжығанын айтады. Жарыс Париждегі үлкен залдардың бірінде өтті.
Данил Мусабаев, батут гимнастикасы бойынша Қазақстан құрамасының мүшесі:
- Бұл менің бірінші Олимпиадам. Одан алған әсерім көп. Финалға өтіп, одан кейін ақтық сында жаңа бағдарламамен өнер көрсетемін деп жоспарлаған едім. Өкінішке орай, олай болмай шықты. Келесі Олимпиада ойындарында жақсы өнер көрсетіп, жүлдемен ораламын деп сенемін.