Алматыда дәстүрлі «Ұлы дала ойындары» фестивалі өтті
Алматыда дәстүрлі «Ұлы дала ойындары» атты ұлттық спорт фестивалі өтті, деп хабарлайды 24kz.
Сегізінші жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатқан турнир әдеттегідей қазан айында емес, тамызда жалауын желбіретті. Шара Астанада өтетін V Дүниежүізілік көшпенділер ойынын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған. Фестивальге әр өңірден келген қатысушылар 12 спорт түрі бойынша бақ сынасты.
Атап айтсақ, асық ату, қазақ күресі, арқан тарту, қой көтеру, жамбы ату, көкпар, аударыспақ, теңге ілу және қол күресі сынды сайыстар өтті. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Негізгі жарыстардың бірі – құнан байгенің жүлде қоры 2 миллион теңге болса, аламан бәйгенің жүлде қоры 3 миллион теңге.
Нұрлан Оспанов, қалалық ұлттық спорт және ат спорты клубының басшысы:
- Көшпенділер ойынына үгіт-насихат ретінде өткіземіз барлығын. Халық білу үшін, мына Алматыға келген шетелдік қонақтар білу үшін Астана қаласында V Дүниежүізілік көшпенділер ойыны өтетінін білу үшін біз барлық іс-шараның барлығына осы көшпенділер ойынының атрибуттары мен логотиптерін қойып, барлық жерде осыны насихаттаудамыз қазір.