Париж-2024: Милад Карими еркін жаттығудан үздік бестікке енді
Париж төрінде еркін жаттығудан ел намысын қорғаған Милад Карими үздік бестікке енді, деп хабарлайды 24kz.
Ол ақтық сайыста өнер көрсетіп, 14 500 ұпайды еншіледі.
Айта кетейік, бұл сайыста филиппиндік Карлос Юло топ жарды. Ал күміс медаль Израиль өкілі Артем Долгопяттың қанжығасында кетті. Ал үздік үштікті Ұлыбритания спортшысы Джэк Джармэйн қорытындылады.