4 тамызда Қазақстан құрамасы 4 спорт түрінен сынға түседі
Бүгін Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасында 4 спорт түрінен сынға түседі, деп хабарлайды 24KZ.
Франция астанасындағы кешенді сайыста нысана көздеуден Никита Чирюкин іріктеу жарысын бастайды.
Стенд атуда Әсем Орынбай жүлдеге таласады.
Жеңіл атлеттер де бәсекеге араласады. Нора Джеруто, Дейзи Джепкемей, Ольга Сафронова, Давид Ефремов желаяқтар жарысында сынға түседі.
Жұрт назары боксқа ауады. Шаршы алаңдағы жалғыз жігітіміз Нұрбек Оралбай жартылай финалдық жекпе-жегін өткізеді. Қазақ жігіті Доминикандық былғары қолғап шеберімен жұдырықтасады.