Жеңіл атлет О. Сафронова жұбаныш кезеңіне қатыса алады

Жеңіл атлет Ольга Сафронова 200 метрге жүгіруден жетінші орынға ие болды.

Оның уақыты 23.58 секундты құрады. Жартылай финалға әр жарыста алғашқы үш спортшы өтеді. Алайда отандасымыздың жұбаныш кезеңіне қатысып, жартылай финалға өтуге әлі де мүмкіндігі бар.

Ольга Сафронова, жеңіл атлетикадан ұлттық құрама мүшесі:

- Менде әлі де қосымша раунд бар. Бар күшімді салып тырысамын. Өз көрсеткішіме қанағаттанбаймын. Келесі жолы өз мүмкіндігімді көрсете аламын деген ойдамын.