Нұрбек Оралбай: Мені қолдап отырған еліме алғыс білдіремін

Бүгін Париж Олимпиадасында грек-рим күресінің балуандары жарысты бастайды, деп хабарлайды 24kz.

60 келіде Айдос Сұлтанғали алғашқы кезеңде қырғызстандық Жоламан Шаршенбековпен белдеседі. Аса ауыр салмақтағы Әлімхан Сыздықов румыниялық Алина Чурариумен кілемге шығады. Ал боксшылар бәсекесі шарықтау шегіне жақындады. Қазақ елінің құрамасы екі спортшының жолына үмітпен қарайды.

 

Нұрбек Оралбай Олимпиада алтыны үшін жұдырықтасады

Боксшымыз Нұрбек Оралбай (80 кг) Париж Олимпиадасының жартылай финалында Кристиан Хавьер Пиналесті (Доминикан) жеңді. Төрешілер есебі: 3:2. Нұрбек осыған дейін Париж шаршы алаңында Мурад Аллахвердиевтен (ширек финал, Әзербайжан), Каллум Питерстен (1/8 кезең, Аустралия) басым түскен. Финалдағы қарсыласы әлем чемпионы, Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Олександр Хижняк (Украина) немесе 2 дүркін Олимпиада чемпионы, әлем чемпионы, Панамерика ойындарының 2 дүркін жеңімпазы Арлен Лопес Кардона (Куба) болады.

Айта кетейік, Нұрбек Оралбай – әлем чемпионы (Ташкент, 2023), Азия чемпионатының қола жүлдегері.

 

Назым Қызайбай жартылай финалда жұдырықтасады

Назым Қызайбайда Олимпиада медалі бар. Боксшымыз Назым Қызайбай (50 кг) Париж Олимпиадасының ширек финалында Ингрит Лорена Валенсия Викторияны (Колумбия) сенімді ұтты. Төрешілер есебі: 4-1. Қуанышымызға орай, Назым бокстан команда қоржынына кемі екінші қола жүлдені салды. Енді Назым финалға берілер жолдаманы сарапқа салады.

Айта кетейік, Назым Парижде алғаш рет Олимпиадаға қатысты. Осыған дейін 2 рет Азия чемпионатында топ жарып, Азия чемпионы атанған. Ал Ингрит Лорена – Рио Олимпиадасының қола жүлдегері. Осымен 3-рет Олимпиадаға қатысып тұр.

 

Қазақстан спортшысы финалға шықты

Нора Джеруто, ұлттық құрама өкілі:

- Мен дәл осы жерде Қазақстанның атынан жарысқа шыққаным үшін қуаныштымын. Бұл - менің бірінші Олимпиадам. Өте бақыттымын. Жарыста жақсы жағымнан көріне алмаған сияқтымын. Ауыр болды. Енді финалдық жарысты күтеміз. Қолымнан келгеннің бәрін жасайтыныма сенімдімін.

 

Париждегі ХХХІІІ Олимпиада ойындарында Қазақстан жалпы командалық есеп бойынша  1 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлдемен 27-орында тұр.