Парижде босқындар құрамасы алғашқы медалін еншіледі
Париждегі спорт додасында босқындар Олимпиада құрамасы алғашқы медалін ұтып алды, деп хабарлайды 24kz.
Жүлдені әйелдер арасында бокстан Камерунда туған Синди Нгамба жеңіп алды. Бұл құраманың олимпиада тарихындағы алғашқы жеңісі. Нгамба 11 жасында Ұлыбританияға қоныс аударған. Ал 2016 жылдан бері босқындар құрамасының сапында жүр. «Босқын болу өмірімді күрт өзгертті», - дейді ол.