Көшпенділер ойынында спорттың 21 түрінен 97 медаль сарапқа салынады

Павлодар облысында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына іріктеу өтті, деп хабарлайды 24kz.

Аламан, құнан бәйге, топ бәйге және жорға жарысқа еліміздің әр өңірінен барлығы 90-нан астам тұлпар қатысты.

Бәйгенің жалпы жүлде қоры 24 миллион 900 мың теңге. Бұл туралы «Бәйге» федерациясы хабарлады. Атқарушы директор Алтай Бименнің айтуынша, аламан бәйгеде «Софлор Лэнд» атты сәйгүлік топ жарған.

Айта кету керек, 8-13 қыркүйекте Астана қаласында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден 2000-нан астам спортшы қатысады. Спорттың 21 түрінен 97 медаль сарапқа салынады.

Алтай Бимен, «Бәйге» федерациясының атқарушы директоры:

- V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жолдама алу үшін сәйгүліктер жиналып отыр, Қазақстанның әр өңірінен. Әр дистанцияға 25 аттан жиналып тұр. Аттардың деңгейіне келетін болсақ, бұл жерге биылғы чемпионаттағы ең үздіктері қосылып отыр. Одан бөлек, былтырғы жылғы чемпионаттар да бар тізімде. Көшпенділер ойынына келетін болсақ, бізге алты елден өтініш білдіріп отыр.