8 тамыз күні жерлестеріміз 5 спорт түрінен сынға түседі

Бүгін спортшыларымыз Париж олимпиадасында 5 спорт түрінен сынға түседі, деп хабарлайды 24kz.

Көркем гимнастикадан Эльжана Таниева өнер көрсетеді. Байдарка мен каноэде ескек есуден Мария Бровкова, Сергей Емельянов, Тимур Хайдаров жарысын жалғастырады.

Бессайыстан Георгий Борода-Дудочкин, Елена Потапенко сынға түседі. Еркін күрестен боз кілемге Мейрамбек Қартбай, Азамат Дәулетбеков шығады. Құзға өрмелеуден Әмір Маймұратов жарысады.

Көркем гимнастика

Эльжана Таниева

Байдарка мен каноэде есу

Мария Бровкова, Сергей Емельянов, Тимур Хайдаров

Қазіргі бессайыс

Георгий Борода-Дудочкин, Елена Потапенко

Еркін күрес

Мейрамбек Қартбай, Азамат Дәулетбеков

Спорттық құзға өрмелеу

Әмір Маймұратов